«Біздің ескі, жаңа аудан, бұл қай көше, бұл қай маң» атты өлкетану сабағы
Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить
Қала күніне орай Орталық балалар кітапханасында «Біздің ескі, жаңа аудан, бұл қай көше, бұл қай маң» атты өлкетану сабағы өтті.
Шара басында балалар Екібастұз қаласының атауы туралы аңызды тындады. Содан соң кітапханашы "Екібастұз" өлеңін оқып, қаламыздың көшелері жайлы мағлұматтар берді.Әсіресе ең алғашқы кұрылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы көшеге тоқталып өтілді. Сондай - ақ кен білгірі Қосым Пішенбаев атындағы көшесі туралы айтылып өтті.
Шара барысында Екібастұз қаласы туралы бейнероликтер мен буктрейлер көрсетлді. Балалар өздері тұратын көшелер қалай аталатынын, қазір қандай көшелер қазақша атауларға ие болғандыгын айтып берді. Сонымен қатар өлкетану бойынша сұрақтар қойылып, Отан туралы мақал - мәтелдер айтылды.
Шараның соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.