Байет ауылдық кітапхана, мектеп және клуб ұжымы бірігіп Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік - тірегім" атты патриоттық өлеңдер сайысы өткізді.
"Елім менің аңсаған" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сайысқа 7 оқушы қатысты. Әділ қазылар шешімі бойынша 1-орын 10 сынып оқушысы Майра Жылқышқан, 2 - орын 7 сынып оқушы Шұғыла Тобақан, ал 3-орын 7 сынып оқушысы Ботагөз Баярху иеленді. Қатысушылар Алғыс хаттар марапатталды.