Қазан айының 13 жұлдызында ОБК –да «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты ағартушылық сабағы болып өтті.
Кітапханада «Білім көзі кітапта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс- шараның басында білім туралы мәлімет берді.
Кітапханашы балаларға сұрақ қойды, мысалы: Балалар білім не үшін қажет? Білімді жинауға не керек? Балалар өз пікірлерін айтып берді.
Абай атамыз айтқандай, білім – адам жанының азығы десек, кітап – сол білімді алудың басты құралы. Білімді болумен қатар рухани жандүниеміз бай, ойымыз жүйрік, адамгершілік, ар–ұят, кішіпейілік, ізгілік, қайырымдылық қасиеттер де болу керек. Осы қасиеттерді бойға сіңіретін жақсы досы - кітап.
Балалармен «Иә, жоқ» атты ойын өткізді, мақал – мәтелдерді жалғастырды және оқу, білім туралы жұмбақтар шешті.
Соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.