"Қасиетіміз де, қастеріміз де - Қазақ хандығы" атты тарихи кеш
Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить
Мамыр айының 28 – жұлдызында орталық қалалық кітапхана кітапханашылары Екібастұз қалалық халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Қасиетіміз де, қастеріміз де – Қазақ хандығы» атты тарихи кеш өткізді.
Жүргізушілер қазақ хандығының 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси кезеңіне нақты тоқталып өтті. Қазақ халқының тұңғыш хандары Керей мен Жәнібек хандар туралы мәлімет берілді. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сияқты қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы туралы баяндалды. Әбілқайыр хан, Тұғым хан, Мұрындық хан, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хандар мен қазақ халқының үш биі Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билер туралы мәліметтер кеңінен берілді.
Жүргізушілер «Қасиетіміз де, қастеріміз де – Қазақ хандығы» атты кітап көрмеге шолу жасады.