"Алаш туын көтеріп, азаттыққа жол ашқан" атты естелік сағаты
Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить
№ 2 кітапхананың 2015 жылдың 29 мамыр күні Қазақстанда саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Алаш туын көтеріп, азаттыққа жол ашқан» атты естелік сағаты өтті.
Шараға ИнЕУ-нің Екібастұздағы колледжінің «бастауыш білім беру» тобының 2-ші курс студенттері қатысты. Аталмыш шара бойынша кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып шара барысында көрмеге шолу жасалып отырды.
Естелік сағаты қуғын-сүргіннің тарихы, себеп салдары, статистикасы жайында ақпарат берумен ашылды. Саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болған қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Тұрар Рысқұлов және біртуар ақын, жазушылары туралы пайдалы деректер берілді. Шара соңында студенттерге осы тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қойылды.
Сонымен қатар, қалалық өлкетану мұражайының қызметкері Ұлжалғас Әбілдақызы мұражайдағы көрме залында ұйымдастырылған қуғын-сүргін күніне арналған бөлімде қызықты шолу жүргізді.