Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты хикаяты бойынша өткізілген оқырман конференциясына ЖОМ №26 – ның 8 сынып оқушылары шақырылды.
Шара басында кітапханашы Б.А. Калимова «Бір ел – Бір кітап» республикалық акция тарихы туралы, Немат Келімбетовтың өмірі омен шығармашалығы жайлы баяндады.
Оқырман конференциясы барысында мектеп оқушылары Ә. Омар, Ж. Рамаз, А. Жұмагулов, М. Нұрахметова, Б. Нұркин, Е. Оразалин., Н. Айдарғазы хикаяттан сахналық үзінді көрсетті. Кітапхана оқырманы А.К. Сүлейменова кітаптан алған әсерлерімен бөлесіп, қатысушылар А. Асылбек, Ж.Амангелді, А.Тоқтар, М.Махамбетова хикаят туралы шетел оқырмандарының пікірлерін оқыды.