«Шарайна» клубы аясында орталық қалалық кітапхана қызметкерлері ИнЕУ Екібастұз Жоғары колледжі қабырғасында қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тербеген ақын І.Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының Құлагері» тақырыбында поэзия кешін өткізді.
Шара барысында кітапханашы ақын І.Жансүгіровтің өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы қысқаша ақпарат беріп, бейнебаян ұсынды. Ақынның «Құлагер» поэмасына тоқталып өтті. Сондай-ақ, А.Тұрдыбекова, А.Жанибекова, Ж.Смагулова, И.Айгумусова поэмадан үзінді оқыды.
Шара соңында кітапхананың қорына тиесілі туындылардан жасақталған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жасады.