Құрметті кітапқұмар қауым!
Орталық қалалық кітапхана қорында ақын-жазушылардың қолтаңба қалдарып, сыйға тартқан кітаптардың орны ерекше.
Кітаптағы қолтаңба автордың шығармасын шырайландырып, ыстық ықыласын ұдайы сездіріп, автормен өткен жарқын кездесу мен сәулелі сәттерді еске салатын құнды жәдігер. Бүгінде кітапхана қорында авторлық қолтаңбасы бар бірегей кітаптар сақталған.
Сіздерді қолтаңбалы кітаптар топтамасымен танысуға шақырамыз.
Әйгілі кенші Төлеубай Арбиев жайында естімеген екібастұздық кемде-кем шығар. Оның тәлімді ғұмыры жас ұрпаққа үлгі-өнеге болса, өсіп-өнген туған қаласы Екібастұздың көркеюіне қосқан өлшеусіз үлесі жұрттың жадында ұзаққа сақталмақ.
2009 жылы Алматы қаласындағы баспаханалардың бірінен Сәдуақас Жансеріктің «Тастүлек Төлеубай» атты кітабы жарық көрді.