С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Екібастұз қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Автоматтандыру және цифлау бөлімінін ұйымдастыруымен экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы С.И. Жақсыбаевтың 85 жылдығына арналған «Ғалым. Өлкетанушы. Журналист» атты веб-ресурстың тұсаукесері өткізілді.
Шараны Екібастұз қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Ж. Жанахметованың сөз алуымен басталды. Кітапханашылар А.Қ. Сулейменова ғалым С. Имантайұлының өмірі мен қызметі жайлы айтып берді, Г.Е. Әшірбекова веб-ресурстың негізгі бөлімдерімен таныстырып өтті. Өлкетанушының еңбектері мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалаларына ақпараттық-библиографиялық бөлімнің библиографы М.Қ. Аскарова шолу жасады. Содан соң, автоматтандыру және цифрлау бөлімінің менгерушісі Щебетун Е.Г. веб-ресурстың орыс тіліндегі бөлімінің құрылымымен және С. Имантайұлының кітапханаға деген достығы жайлы айтып берді.
Тұсаукесердің соңында Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті мәдениет қайраткері, өлкетанушы, тарихшы Э.Соколкин, С. Имантайұлының жары Шолпан апай, баласы мен немересі, туыстары естеліктерімен бөлісті.
Шараны Облыстық кітапхананың директоры Ш. Баянқызы сөз алып тамамдады.