Орталық қалалық кітапаханың оқу залында «Фаворит кітаптар» атты кітаптар шеруі өтті. Шараға ЕКИТИ, ЭМК колледжілерінің студенттері шақырылды.
Шара басында библиограф М. Аскарова қатысушыларға кітап оқудың пайдасы туралы мәліметтеп, Орталық кітапханаға түскен қазақ тіліндегі жаңа кітаптарға шолу жасады.
Содан соң, Орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А. Жұмағалиева А. Баймұхаметовтың «Тастамашы ана», №4 кітапхананың меңгерушісі С. Абрашимова Е. Турсуновтың «Мелочи жизни», Орталық кітапхананың кітапханашысы Қ. Каримова Ж. Әбдішованың «Өмір сүргім келеді», Орталық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Т. Хохлова Д.К. Джеромның «Трое в лодке, не считая собаки», №3 коворкинг – кітапхананың меңгерушісі Л. Омарова Т. Құлиястың «Таңдамалы шығармалары. Т.2», Орталық кітапхананың автоматизациялау бөлімінің кітапханашысы Г. Ашербекова Г. Робертсеннің «Шантарам», Орталық кітапхананың кітапханашысы Б. Калимова М. Баққожаның «Өмірзая» және С. Лисишина У. Голдингтің «Повелитель мух» атты әдебиеттермен таныстырды.
Кітаптар шеруі соңында библиограф Т. Жунусова Орталық кітапханаға түскен орыс тіліндегі әдебиеттерге шолу жасады.