«Жаса, жайна ару қалам Екібастұз» атты кітапханалық шолу
Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить
№3 кітапхана қала күніне орай «Жаса, жайна ару қалам Екібастұз» атты кітапханалық шолу өткізді.
Қала күні қарсаңында №3 қызметкерлері «Өнер» мәдениет үйінің жанындағы демалыс бағында «Мерейлі қалам – Екібастұзым» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге «Еңсесі биік Қала», «Екібастұз қарқыны», «Тағдырым менің – Екібастұз», «Энергоград», «Экибастуз», «Туған жер әуендері» және т.б. кітаптар ұсынылды.
Тұрақты оқырмандар үшін электронды кітап көрмесіне шолу жасалды. Сонымен қатар кітапханашылар қала тарихы туралы, Екібастұздың құрметті азаматтары жайлы баяндап берді.