№ 7 кітапханада Балтабай Ғалия Құсайынқызының «Иса ақын және оның ұрпақтары» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шараның мақсаты: Жерлесіміз суырып салма ақын, композитор, әнші, актер жайлы айту.
Иса ақын және оның ұрпақтары» естелік кітабына ақын туралы деректер мен оның балалары – белгілі актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпуза Исақызы жайлы және ұстаз, ғылым кандидаты Ертіс Исаұлы туралы құнды материалдар жинақталған.
Ғ. Қ. Балтабай Иса Байзақовтың отбасын толықтай жан – жақты қамтыған. Қазақ саханасының алғашқы қарлығашы актриса жары Шәрбану жайлы айтылған. Сондай – ақ өнердегі ағаларының естеліктері жазылған.Оқырмандары өздеріне керекті көптеген мәліметтер алды.