Орталық қалалық кітапханада Сайлау Байбосынның "Қанжығалылар" кітабының тұсау кесілді. Шараның мақсаты: С. Байбосынның шығармашылығын насихаттау, жаңа кітаппен танысу, отансүйгіштікке, тілін, тарихын құрметтеу.
Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайлау Байбосын кітаптың шығу тарихымен, қолданылған зерттеу жұмыстарымен таныстырып өтті. Оқырмандар алған әсерлерімен бөлісті.