Ковшарь Анатолий Федорович
Ковшарь Анатолий Федорович
Ковшарь Анатолий Федорович (17.3.1937 ж.т., Украина, Полтава қ.) – биол. ғыл. докт. (1980), проф. (1993). Харьков ун-тін бітірген (1959). Ақсу-Жабағылы қорығында аға ғыл. қызметкер, директордың орынбасары (1959–67) болды. 1967 жылдан Қазақстан ҒА-ның Зоол. ин-тында лаборант, кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. еңбектері Тянь-Шань құстарының экологиясына, қорық ісіне, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мәселелеріне арналған. 5 томдық «Қазақстан құстары» (орыс тілінде) жинағы (1960–74) авторларының бірі. Осы еңбек үшін ол басқа авторлармен бірге Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1978) атанды. К. Қазақстанның «Қызыл кітабын» құрастырушылардың бірі және бас редакторы (1996), зоол. мәселелеріне арналған «Селевиния» журналының бас редакторы (1995).
Бұл автордың кiтаптары
Бұл автордың мультимедиа материалдары