Самашев Зайнолла
Самашев Зайнолла
Тарих ғылымдарының докторы, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері. «Қазақ тарихы» журналының ақылдастар кеңесінің мүшесі – Зейнолла Самашев.
Ғалымның зерттеу нысаны – археология, Қазақстанның ерте және орта ғасырларындағы монументальды өнері және тарихы, этнология. 10-нан астам монография мен 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.
1998 жылы 25-шілде мен 6-қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Берел қорымында қазақ-француз біріккен археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстары еді. Ежелгі Берелдіктердің ғажайып мәдениетін зерттеу - төл тарихымыз үшін маңыздылығы күн санап арта түсуде. Бугінгі халықаралық Берел экспедициясының жетекшісі ғалым Зейнолла Самашев болып табылады.
Археолог-ғалым Зейнолла Самашевтің басшылығымен Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы Сарайшық қаласының ортағасырлық ірі қолөнер, сауда орталықтарының бірі екендігіне дәлел боларлықтай мол жәдігерлер тапты.
Тарихи-археологялық ескерткіштердің бірі – «петроглифтер» (тастағы жазу). Жартас суреттері, бір жағынан, адамзат ұрпақтарының рухани өмірін көрсететін өзінше бір өнер туындысы, яғни «ашық аспан астындағы галерея» болса, ал екінші жағынан, өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Қазақстанда 150-ден астам жартас суреттерінің жиынтық орындары белгілі болып отырғанын Зейнолла Самашевтің ғылыми еңбектерінен білеміз.
Бұл автордың кiтаптары
Бұл автордың мультимедиа материалдары