Шәкәрім Жарқын
Жарқын Жақияұлы Шәкәрім (4.5.1947 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы) - домбырашы-күйші, музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері (1998). Қарағанды музыкалық училищесін(1968),
Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) (1973).
1973 - 1976 жылдары Мәскеудегі Бүкілодатық "Мелодия" фирмасының Алматы күйтабаққа жазу студиясында аға редактор,
1976- 1980 жылдары "Жалын" баспасында редактор,
1980 - 1982 жылдары Республикалық музыка аспаптары мұражайының директо-ры,
1982 - 1983 жылдары Қазақ филармониясында күйші-лектор.
1983 жылдан Қазақ теледидарының музыка бағдарламалары Бас редакциясының редакторы, бөлім меңгерушісі бола жүріп "3амана бұлбұлдары", "Домбыра сазы", "Терме", "Шашау", "Музыкалық киножинама", "Күй-шежіре", "Інжу-маржан", тәрізді хабарларды жарыққа шығарды.
Шәкәрім фонографқа жазылған (1925) Әміре Кэшаубаевтың дауысы сақталған "Ағаш аяқ", "Смег", "Бескарагер", "Жалғыз арша", "Үш дос", "Балқадиша", "Дудар-ай" әндері үнтаспасын (валик), Мәскеудің Орталық мұрағатынан тауып (1974), Серке Қожамқұлов, Әлікей Марғүлан, Сапарғали Бегалин, Жүсіпбек Елебеков, Әнуарбек Байжанбаевтардың қатысуымен күйтабағын автор ретінде жарыққа шығарды (1975). Шәкәрім - "Әміре" (1977), "Ән жүлдызы" (1978), "Амре Кашаубаев" (орыс тілінде, 1980), "Малайсары би-ден Шәмілге дейін" (1997), "Ән асқа-ры" (1998), "Қүрманғазы" (ғылыми кеңесші, 1998), "НұрғисаТілендиев" (Дариға Тілендікелінімен бірлесіп жазған, 2003) кітаптарының авторы. Шәкәрім - "Қазақстан" Республикалық телерадио-корпорациясы АҚ жобасы бойынша жарыққа шыққан "Мәңгілік сарын" деп аталатын қазақ күйлерінің антологиясын (255 күй топтастырылған) шығаруға үлес қосып (2005), жау-апты редактор болды. Шәкәрім ұмытыла бастаған көне саз аспабы - үш ішекті домбырада шебер орындаушы, насихаттаушы. Оның репертуарында "Жорға аю", "Көктөбел", "Кеңес", "Үзбе", "Толғау", "Қыз мұңы", "Қабанбай" сияқты халық қүйлері, Нұрғалидың "Көк қаршыға" күйі, сондай-ақ, өзі шығарған "Анадан аманат", "Абыралыдағы ата зары", "Дүние-кезек", т.б. күйлер бар. "Сазген" фольклорлық ансамблін ұйымдастырушы (1980), алғашқы көркемдік жетекшісі. Мәскеуде өткен 12-Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің (1985) дипломаи-ты, КСРО Бүкілодақтық "Білім" қоғамының "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған (1989).
http://zharkynshakarim.info/news/
Дата рождения:
04.05.1947