«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Солнечный кентінің №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында «Профи-time: мамандық таңдау» тақырыбында маман күні болып өтті.
Орталық қалалық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз колледжі студенттерінің қатысуымен өлкетану тақырыбындағы жергілікті ақын-жазушылардың қаламынан туған кітаптар бойынша танымдық сағат өткізді.
№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында профессор, өлкетанушы Серік Имантайұлы Жақсыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай библиография күні болып өтті.
Орталық қалалық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері қазақ халқының көрнекті ақыны, жазушысы, философы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай ақпарат күнін өткізді.