Орталық қалалық кітапханада ақын, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Жүсіпбек Аймауытов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Баянауыл және Ерейментау аудандарының құрметті азаматы, облыстық «Ақбеттау» журналының редакторы Сайлау Байбосынның «Ажалын жоғалтқан адам» романының тұсаукесері болып өтті.
Орталық қалалық кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі - «Шұғаның белгісі» атты повесі талқыланды.
№4 қалалық кітапхана қызметкерлері ИнЕУ Жоғары Екібастұз колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, соғыс ардагері, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай әдеби сағат өткізді.
Орталық қалалық кітапханаға Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтың директоры Санджай Веди мырза мен елшілік өкілдері келді.
Орталық қалалық кітапхана қызметкері ИнЕУ Екібастұз Жоғары колледжі қабырғасында қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тербеген ақын І.Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай поэзия кешін өткізді.
№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарайдың «Еділ-Жайық» атты трилогия кітабының талқылауы болып өтті.
«Шарайна» клубы аясында орталық қалалық кітапханада мемлекеттік қызмет және көмір өнеркәсібінің ардагері Құрманғали Дауылбаевтың «Өмір мектебі» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.
«Қазақстандық Кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығын әзірлеп, жарыққа шығарды.