• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

Кітапханадағы түн

07.03.2019 09:46

Кітапханадағы түн


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

 Кітапхана тек мүлгіген тыныштық мекені емес. Бұған орталық кітапхана ұйымдастырған «Кітапхана түніне» қатысқандардың көзі жетті. Жиналған жұртты Екібастұз балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері әсем ән-күймен қарсы алды. 

 «Кітапхана түні» қаламызда алғаш рет өтіп отыр. Шараны қызықтауға жастар көп жиналыпты. Түрлі мазмұндағы кітап кейіпкерлері болып киінген кітапхана қызметкерлері келушілерді төрге өткізді. Қызықтың енді басталарын сезген қонақтар екінші қабатқа асыға көтерілді.


Екінші қабаттың оң жақ бұрышына қарай қылқалам шеберлері - Вика мен Женя жайғасты. Олар келушілердің портретін салуға кіріскен екен. Суретшілердің қарсысына отырған қыз бен жігіт барынша шыдамдылық танытып отыр. Қимылдары ширақ қос суретші кескіндеу жұмысын жылдам аяқтады. 

Бұдан әрірек кітап жәрмеңкесі болып жатыр. «Академкнига» кітап дүкені ақын-жазушылардың кейінгі жылдары шыққан шығармаларын әкеліпті.

Қолдан жасалған бұйымдар көрмесіне техникалық мектеп тәрбиеленушілерінің қолдарынан шыққан бұйымдар қойылды. Фетрден, жүннен, жіптен жасалған қуыршақтар, ағаш сандықша, түрлі тәсілмен салынған суреттер бірінен бірі өтіп, көздің жауын алады. 

«Шығармашылық шеберхана» бұрышынан шебер Н.Гаврилованың қолөнер бұйымдарына орын берілді. Наталья Гаврилова қолөнерге қызығушыларға ақыл-кеңесін беріп, гүлдесте жасауды, бұйымдарды моншақтармен әсемдеуді көрсетті. 

Жас суретші Мәдина Түсіпованың шығармашылық жұмыстары да осында. Ол өзі секілді сурет өнеріне қызыққан жастарға шеберлік сабағын өткізді. 

«Собиратель» коллекционер-нумизматтар клубының мүшесі А.Ясинскийдің жеке коллекциясына қызығушылар көп болды. Көне заманғы монеталар, маркаларға таңдай қаға қараған жастар жәдігер иесіне сұрақ жаудырды. Бұл коллекцияда ІІ Екатерина кезіндегі көлемі алақандай тиындар, өткен ғасырлардағы орден-медальдар бар. 

Оқу залының төрінде бірқатар жастар Рубик текшесін (спидкубинг), шахмат ойнап отыр. Ал залдың қақ ортасына рэп оқитын, брейк-данс билейтін жастар жиналды. Көрерменнің көпшілігі осында. 

Жастардың көп жиналған тағы бір тұсы - нумеролог ханымның бөлмесі. Өмірлік сан құпиясын анықтауға негізінен әйел адамдар қызығушылық білдіріпті. Нумеролог Дина Кенжекеева сандарда жасырылған сырдың жұмбағын шешіп отыр. 

Кітапхана кинозалында келушілер үшін «Брат или брак» комедиясы қойылды. Залдың сыртындағы жайлы орында жастар кеш бойы гитарамен ән айтып, өнерлерін ортаға салды. 

Қонақтар назарына «Шабыт» поэзия орталығы, «Жанды кітап» жобасы, «Ертегі-тосынсый» брейнстромингі ұсынылды. Кеш қызықты өтті.

Дерекнама Отарқа
Авторлары Медеубайтегі Г.
Кітапхана Орталық қалалық кітапханасы
Количество показов 97

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.