• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

21.02.2019 14:04

«Төрт үйдің төбелері»


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

 Орталық кітапханада Қайролла Айтбаевтың «Төрт үйдің төбелері» атты үш томдығының тұсаукесері өтті. 

Үш томдық кітаптың алғашқы томында автордың өмірбаяны, Төртүй туралы мақалалар жарияланыпты. Екінші томда Төртүй туралы хикаялар, Арғын шежіресі, деректі әңгімелер басылған. Соңғы томда автор Қозған руы туралы деректер, ашаршылық жылдары тақырыбына қалам тербеген. Өлкетанулық зерттеу еңбектері де кітаптан орын алған.

Қайролла аға ерінбей әр жылдары баспасөзде жарияланған мақалаларының қиындыларын ұқыптап жинап жүріпті. Өмірден көргенін көңілге тоқып, кітапқа түсірудің реті енді келген екен. Жиған-тергенін баспаханаға апарғанда, ондағылар «Аға, мынаның бәрін компьютерге теріп әкелу керек» дейді. Содан жетпістен мол асқан ақсақал компьютер үйренуге отырады. 

- Кейінгі ұрпақ ескі жер-су аттарын, елді мекен атауларын білмейді. Жастар біліп жүрсін, ата-әжелерін еске алсын деген ниетпен кітап шығарып отырмын, - деді Қайролла аға кітаптың тұсаукесерінде. 

Салтанатты шарада ақын Жұмағали Қоғабаев пен қаламгер Қайролла Дүйсенбаев көк лентаны кесіп, ақжарма лебізін білдірді. Ж.Қоғабаев кітап авторының сатираға бейімдігін, жазушылық шеберлігі жоғары екенін атап өтті. 

«Атамұра» мәдениет орталығының өнерпаздары Қ.Айтбаевтың «Сергелдеңнің емтиханы» атты әңгімесін көрініс етіп көрсетті.

Дерекнама Отарқа
Авторлары Қуатқызы Г.
Кітапхана Орталық қалалық кітапханасы
Количество показов 51

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.