1992 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының Шекара қызметінің құрылғанына биыл 30 жыл толды.
Таяуда, мерекеге орай шекарашылар алаңында салтанатты шара өтті. Шараға Шекара қызметінің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатысты. Ел тыныштығын абыроймен күзеткен, қызмет бабында қаза тапқан шекарашылардың құрметіне «Аққу клубтың» артында орналасқан, бұрын қараусыз қалған алаңда Қаза тапқан шекарашылардың құрметіне еске алу мемориалы ашылды. Ескерткішті ашу құрметі жерлесіміз, №6 лицей-мектебінің түлегі, қаза тапқан шекарашы Ерғанат Көшербаевтың әкесіне тапсырылды. Ерғанат Алматы шекара институтын бітіріп, 2017 жылы 34 жасында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан. Қайтыс болғаннан кейін «Айбын» орденімен марапатталған. Шекарашылар өз күштерімен саябақтың аумағын тазалап, абаттандырып, қиматас төсеп, мереке күндері желбіреп тұратын тутұғырлар орнатыпты. Жаңадан орнатылған ескерткіштің тасы Баянауылдан әкелінген. Шара барысында қызмет бабында қаза тапқан шекарашыларды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
- «Екібастұз шекарашылары» қоғамдық бірлестігі қатарынан бесінші жыл жұмыс істеп келеді. Қала өміріне белсенді араласа-мыз.Сонымен қатар,жастармен және әскер жасына дейінгілермен жұмыс істейміз ,- деді бірлестік төрағасы Андрей Запорожский.
Бүгінгі таңда аталмыш бірлестіктің жаңа қатысушыларының қатарында «Үміт» балалар үйінің түлегі Родион Фаткуллиң №2086 бөлімінің Мақаншы жасағы, сондай-ақ, Үшарал тау-кен заставасының №2484 қызмет бөліміндегі Арман Жұмабаев, Азамат Жангелдинов және Арман Оразаев бар.