• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Дене тәрбие және спорт

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

21.10.2021

Кеткен есе қайтарылды


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Футболдан 1-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 20-турында жергілікті «Екібастұз» өз алаңында Қызылорданың «Байқоңыр» командасын қабылдап, 7:0 есебімен жеңіске жетті. 

«Шахтер» стадионында жанкүйерлерсіз өткен ойынның алғашқы бөлімінде ойыншыларымыздың мерейі үстем болды. Бірінші таймның 21-минутында команда сұрмергені Арман Смайылов қарсыластар қақпасынан саңылау тауып, ойынның алғашқы голын соқты.

Үзілістен соң алаңға қайта шыққан ойыншылар ойын тәсілін өзгертіп, шабуылды үдете түсті. Ойынның 51-минутында қарсылас қақпашысын тағы да қапы қалдырған Арман Смайылов дубль авторы атанды.

Алаңда шеберлігін көрсеткен Асланбек Кәкімов 3 гол (62, 70, 87) соғып, хет-трик авторы атанса, команданың жас ойыншылары - Фархат Абаев (83-минутта) пен Даниял Кәкенов (90-минутта) өздерінің алғашқы голдарын соғып, командадағы орындарын нықтай түсті. Ал үздік шабуылшымыз Арман Смайыловтың соққан голдары 12-ге жетіп, шабуылшымыз «Үздік сұрмергендер» үштігін түйіндеп тұр. Сонымен қарсыластар қақпасына жауапсыз жеті гол соққан Сергей Якушин шәкірттері 32 ұпаймен турнир кестесінің 5-орнына жайғасты. Ал чемпионаттың аяқталуына екі тур қалды. 23 қазанда екібастұздықтар Алматының «Қайрат-Жастар» командасымен сырт алаңда кездесетін болса, 29 қазан күні оңтүстіктің «Мақтаралы» бізде қонақта болады. 

P.S: Сонымен, екібастұздық футболшылар 2019 жылы Қызылорданың тағы бір командасы - «Қызыл-Жарға» кеткен есені қайтарды. Ол ойын да 7:0 есебінде аяқталып, жеңіс Сыр ойыншыларының қоржынында кеткен болатын.

Автор Алданов Қ.
Издание Отарқа
Стр. 4
Файл Загрузить

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.