• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Соғыс ғылымы және төтенше жағдай

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

09.09.2021

Ауған жарасы - жүрегімізде


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Әлем жұртшылығының назары қазір Ауғанстанға ауған. Мемлекеттің президенті Ашраф Ғани өкілеттігін тоқтатып, Біріккен Араб Әмірліктерін паналаса, вице-президент Амрулла Салех Ахмад елде қалып, тәліптерге қарсы соғыспақ. Сондай-ақ, әйгілі ауған қолбасшысы Ахмад Шах Масудтың ұлы - кіші Масуд ел аумағында. Анығырағы, Панджшер провинциясында. Ал қазіргі жағдайда ауған билігі елімізде экстремистік ұйым деп табылған - «Талибан» қозғалысының қолында.

Елді елең еткізген оқиғаға байланысты кезінде Ауғанстанда әскери борышын өтеген интернационалист-жауынгер, «Ауғанстан ардагерлерінің Екібастұз одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Санат Рыспаевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

- Санат Қатайұлы, сіздер қатысқан ауған соғысында Кеңес Одағының басты миссиясы қандай болған еді? Жалпы, кеңес әскерлерінің Ауғанстанға не себептен кіргеніне тоқталып өтсеңіз.

- Ауған билігінің Кеңес Одағынан көмек сұрауы нәтижесінде 1979 жылы 25 желтоқсан күні кеңес әскері Ауғанстан аумағына кірген болатын. Біз соғыспадық, басты мақсатымыз ауған халқына қолдау көрсету болды. Ол уақытта ауған жұрты тығырыққа тіреліп, азық-түлік мәселесінде айтарлықтай қиындықтар туындаған болатын. Біз ұн, қант, күріш, шай, т.б азық-түлік жеткізіп тұрдық. Дәрі-дәрмек жеткізу, жанар-маймен қамтамасыз ету біздің міндетіміз еді. Ауған жастарының білім дәрежесі өте төмен, әріп танымайтын. Кеңес өкіметінің көмегімен қаншама мектеп пен аурухана салынды. Сол мектептер мен ауруханаларға елімізден оқытушылар, дәрігерлер жіберілді.

Халыққа гуманитарлық жәрдем жеткізу мақсатында арнайы жасақтар құрылды, әскерлерімізге оқ-дәрі жеткізіп тұрдық. Сол тұста Кеңес әскеріне қарсылық танытқан моджахедтерге Пәкістан жақтан көмек келіп жатты. Біздің 3-ші ротаның міндеті Шиндандтан Қандағарға дейінгі аумақты қару-жарақ, азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанармаймен уақытылы қамту болды. Кеңес Одағы шын мәнінде соғысқан жоқ, басты мақсат көмек жеткізу болды. Біздің мақсатымызды олар кейін ғана түсінді. Кеңес Одағының қолдауымен ел инфрақұрылымы жанданып, көпқабатты тұрғын үйлер, заводтар салынды. Аэропорт құрылысы да жүргізілді, түрлі техникалармен жабдықтадық. Елдің әл-ауқаты жақсарды. Кейін естуім бойынша, олар біздің әскерлердің мықтылығына тәнті болыпты. Мысалы, америкалық әскер бетпе-бет соғыста жеңіліс тапса, әуе шабуылына көшеді. Ал біздің әскер бетпе-бет шайқастан еш тайсақтамаған.

- «Талибан» қозғалысы ауған елі үшін соғыстың аяқталғанын ресми түрде хабарлады. Шын мәнінде Ауған соғысы бітті ме?

- «Талибан» қозғалысының соғыс аяқталды дегеніне сенбеймін. Олардың басты мақсаты - елді әуелгі қалпына қайтару. Ислам мемлекетін орнатып, әйелдер құқығын шектеу. Тәліптердің соғысқа бойы үйреніп кеткен, олар қарапайым халықты қырып-жоюын жалғастыра бермек. Әзірше берілмей тұрған жалғыз провинция - Панджшер. Олар шатқал үшін соғысты жалғастыра бермек. Дегенмен соғыс жақсы нәрсе емес. Біз оны көзімізбен көріп келдік, еске алғымыз келмейді. Соғыс бар жерде -өлім хақ. Қаншама бейбіт тұрғын туған-туысын жоғалтуда. Өзіміз қан майданда болғандықтан, бүгінгі ауған жеріндегі соғысты көз алдымнан өткерсем, жүрегім ауырады.

- Соңғы уақытта әлеуметтік желіде Ауғанстанда тұратын этникалық қазақтар жайлы жазылып жүр. Сіздер соғыс уақытында жергілікті қазақтарды кездестірдіңіздер ме?

- Шинданд қаласынан Қандағарға дейінгі жолды жүріп өттім. Жол-жөнекей Гератта жергілікті қазақтармен кездестік. Ол жерде сол уақытта 1000 үйлі қазақ болатын. Колоннамен жүреміз, көп тоқтауға болмайды. Олармен әңгімелесуге 5-10 минут қана уақытымыз болатын. Өздерінің айтуынша, Қостанай, Петропавл, т.б өңірлерден кеткен қазақтардың ұрпақтары екен. Жалпы, ауған жерінде болғанымызда 4-5 рет қазақтарды кездестірдім, дені -сонда туған жас жігіттер. Олар ақсақалдардың туған жерін сағынғанын, ата-аналарының елге деген сағынышпен өткенін айтатын.

- Ауғанстанда тәліптердің қолы жетпеген жалғыз аймақ - Панджшер провинциясы қалды. Бұл жердің «Талибанның» қолы жетпейтіндей қандай құпиясы бар?

- Панджшер - таулы, аса маңызды стратегиялық аймақ. Ол жерде соғысу, жаулап алу оңай емес. Кеңестер Одағы тұсындағы ауған соғысында Қапшағайдан КСРО қарулы күштері бас штабы бас бар-лау басқармасының арнайы мақсаттағы 177 - тобына Панджшер провинциясын 1 ай қолда ұстап тұруға тапсырма беріледі. «Қара майор» лақап атымен танымал майор Борис Керімбаев шатқалды 8 айдан астам уақыт ұстап тұрды. Сол ерлігі үшін Кеңестер Одағының Батыры атағы берілмегені өкінішті. Батальон командирі майданнан өз әскерін ең аз шығынмен алып шыққан. Панджшер шатқалы туралы ел енді ғана, тәліптер қолы жетпей тұрған тұста біліп жатыр. Біздің әскерлеріміздің көбі сол шатқалдағы ұрысқа қатысқан. Олардың арасында екібастұздық екі азамат та болды.

- Тәліптерге қарсы тұрған Ахмад Шах Масудтың ұлы -кіші Масуд соғысты басқа арнаға бұра ала ма? Сіздер Ахмад Масуд туралы сол кездері естіп пе едіңіздер?

- Ахмад Шах Масуд туралы жақсы білеміз, мықты соғыс генералы болатын. Стратегияны жетік меңгерген, кезінде Санкт-Петербургте оқыған. Панджшер шатқалын 8 ай ұстап тұрған «Қара майор» -Керімбаевтың басы үшін 1 млн доллар тіккен де - Ахмад Шах. Олар «Қара майорды» жеңе алмады. Ұлының қай дәрежедегі әскери басшы екенін білмедім, бар білерім, бұл соғыстың соңы өте қиын болады. «Талибандардан» ауған жерін азат ету енді қиынға соғар. Қазір тәліптер күшіне мінді. Біздің өзімізден сол соғыстан қанша жігіт екі аяғынан, қолынан айырылып қайтты.

- Қаламыздан ауған соғысына қатысқан ерлер жайлы да айта кетсеңіз...

- Екібастұз өңірінде бүгінде 154 ауған соғысы ардагері бар. Олардың 40-тан астамы түрлі дертпен есепте тұр. 12 адам - түрлі топтағы мүгедек. Жерлестерімізден Николай Кремениш соғыста ерлік көрсетіп, «Кеңес Одағының Батыры» атанса, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері З. Шәріпбаев, П. Кондратеня, Н. Дрыгач ауған жерінде ерлікпен қаза тапты.

Қаламызда ардагерлер бас қосатын кеңсе бар. Сондай-ақ, ауған соғысының ардагерлеріне арналған саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Автор Алданов Қ.
Издание Отарқа
Стр. 7
Файл Загрузить

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.