«ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің техникалық паркін КамАЗ шассилі үш жаңа вахталық автобус толықтырды. Олардың әрқайсысында 24 орын бар. Техника кеніш аумағында кәсіпорын учаскелерінің жұмыскерлерін тасымалдау үшін қолданылады.
Толық тартпалы қос осьті шасси кішіректеу көлемімен және жоғары тиімділігімен ерекшеленеді, сондай-ақ, көмір кәсіпорнында пайдалануға өте қолайлы.
Атап өтерлігі, көмір кәсіпорнына таяуда тағы үш жүк-жолаушы тасымалдайтын, көтергіш-манипуляторлы құрылғысы бар көлік әкелінген. Машиналар техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге лайықталған.
Олардың көмегімен түрлі жүктерді тасымалдау, редукторлардағы майды ауыстыру және құю қызметтерін атқаруға болады.