Екібастұз қаласының мешітінде «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен 30 жасқа дейінгі жастар арасында облыстық Құран жарысы өтті.
Жарысқа «Қауам әд-Дин әл-Итқани әт-Түркистани» республикалық қарилар даярлау орталығының директоры Сәдуақас Сағындықұлы, «Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығының директоры Манас Айдарұлы және мешіт ұстазы Акбарқожа Юнусов төрелік етті.
Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән берілді. Нәтижесінде Ержан Әміралинов («Қасым қажы» мешіті) 1-орынды жеңіп алып (жүлдесі - 100 мың теңге), республикалық кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болды. 2-орын бұған дейінгі сайыста «Гранприді» олжалаған Нұрахмет Хайролға табысталды (50 000 теңге). 3-орынды (20 мың теңгеден) Нұрислам Ақбас («Мәшһүр Жүсіп» мешіті) пен Ерлан Тілесбаев (Екібастұз қалалық мешіті) бөлісті.
Қатысушылардың жас шамасы әр түрлі болды, солардың арасынан атап өтуге лайықты екі жас бүлдіршін - Абдурахман Мұхтар («Әбу Бәкір Сыддық» мешіті) және Сабыр Амангелді (Екібастұз қалалық мешіті) «Жас шәкірт» номинациясын иеленді, оларға 10 000 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы табысталды.
Жарыстың демеушілері - Серік Әбдығалиев, Мейрам Қазымов, Асқар Маханбетов, Қанат Бектеміров, Мұхтар Сәдуақасов және Рауан Сейфуллин.