Адал еңбектің бағалануы адамды марқайтады. Бүгінде аймаққа аты танымал азамат, «Құрмет» орденінің иегері, Екібастүз қалалық мәслихатының депутаты, «Табыс» шаруа қожалығының басшысы Манат Алғамбаров таяуда Астана қаласынан қанаттанып қайтты.
«Віlim orkeniet» үлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан — жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын қоғамда кеңінен насихаттау мақсатында «Тәуелсіз Қазақстанның қаһарманы» атты республикалық байқауын өткізген еді. Манат Қажыбекүлы осы байқауға қатысып, жеңімпаз атанып, I дәрежелі диплом және төсбелгімен марапатталды.
Азаматының аты шықса, «бәрекелді!» деп сүйіншілеген ел емеспіз бе, Манат Қажыбекүлына марапатыңыз құтты болсын, әрдайым биіктен көріне беріңіз дейік.