Елді мекен тазалығы — тұрмыстық қоқыстың мезгілінде шығарылуына байланысты. Осы орайда, шаһардың тап-таза болуы үшін таңсәріден оянып, жүмысқа кірісетін қоқыс тасымалдаушылар еңбегі лайықты бағалануы тиіс. Ол үшін, әрине, оларға тиісті жағдай жасалуы керек. 15 маусым күні Екібастұз қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы болып, онда «Екібастұз қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімнің жобасы қаралды.
Аталмыш мәселеге қатысты қала әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нүрбек Қоңыратбаев хабарлама жасады. Ол өз сөзінде қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайға баға бере келе, алты жыл бұрын мәслихат шешімімен бекітілген тарифтердің талапқа сай бол-май қалғанын айтты. Өйткені, 2017 жылмен салыстырғанда инфляция 2,7 есе өсіпті. Мұның өзі жанар-жағар майдың, қо-салқы бөлшектердің, техника жөндеудің қымбаттауына соқтырыпты. Әрі жұмыскерлердің қазіргі еңбекақылары өмірлік қажеттіліктеріне жетпей отыр. Осының бәрін есепке алсақ, тарифтерді өсіру — уақыт талабынан туындап отыр.
Енді, Нұрбек Зейноллаұлы депутаттардың талқылауына ұсынған жаңа тарифтер туралы айтайық. Жобада биік үйлердегі пәтерлерде тұратын 1 адам тұрмыстық қоқыс үшін ай сайын, қосымша құн салығын қоспағанда, 464,45 теңге төлейді деп көрсетілген. Қазіргі тариф — 269,83 теңге. Ал жай үйлерде тұратын 1 адам ай сайын, қосымша құн салығын қоспағанда, 476,36 теңге төлемекші. Айтпақшы, тарифтерді есептеу кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұтынушылардың нақты топтарының табысы ескерілсін және тарифтер инвестицияға айналсын, жұмыскерлердің еңбекақысы өсірілсін деген тапсырмасы басшылыққа алыныпты. Осыған орай, тұрмыстық қоқыс тасымалдаумен айналысатын «Екібастузкоммунсервис» ЖШС мынадай міндеттемелер алып отыр:
— тұрғындардың осал топта-ры үшін жеңілдіктер қарастыру;
— жұмыскерлердің еңбек-ақысын өсіру;
— арнайы техникалар сатып алу.
Осы айтылған баптарды тарқататын болсақ, Екібастүз қаласы бойынша халықтың осал топтарына жатқызылған 38 198 адамға жеңілдік қарастырылып отыр. Бұл — қала тұрғындарының 27,7 пайы-зын құрайды және жеңілдік — ақшаға шаққанда жылына 106,5 миллион теңге. Жаңа тарифтер жумыскерлердің айлығын көтеруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, айлық жалақы 20-40 пайыз көлемінде өсіріледі. Со-нымен бірге, кәсіпорын жыл сайын 1 қоқыс шығаратын арнайы техника сатып алуға міндет алып отыр.
Тағы бір айта кететін жайт, заңды тұлғалар үшін тариф өзгеріссіз қалады: 1 текше метр үшін, қосымша құн салығын қоса есептегенде, 2149,03 теңге.
Хабарлама аяқталған соң депутаттар мәселені талқылауға көшті. Алғашқы болып сөз алған Владимир Егер:
— Тариф жобасын жасағанда көп нәрсе ескерілген екен. Халықтың осал топтарына берілетін жеңілдіктерді құптаймын. Жаңа тарифтер кәсіпорынның инвестиция көлемін өсіруіне, сөйтіп техникалық жағынан жарақтануына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сонымен бірге, тарифтер өскен соң, тұрмыстық қоқыс уақытылы шығарылып, тазалыққа тіптен мән берілуі ке-рек, — деді қолдау білдіріп.
В. Егердің сөзіне депутат Мариям Маликова да қосылды, ал халық қалаулысы Серік Макаров кеңейтілген отырыс жұмысына қатысқан «Екібастуз коммунсервис» ЖШС өкіліне бірнеше сұрақ қойды.
— Еңбекақыны 20-40 пай-ыз аралығында өсіру көзделіпті. Соны нақтырақ айтуға бола ма?
— Айлық 1 шілдеден бастап өсіріледі. Мәселен, қоқыс көліктерінің жүргізушілері қазір қолына 214 мың теңге мөлшерінде айлық алады. Олардың айлығы 40 пайызға көбейеді. Сонда қолына 300 мың теңге алатын болады. Мұның өзі жүргізушілерді тұрақтандырады деп есептейміз. Қазіргі уақытта 16 жүргізуші еңбек етіп жүр. Енді жұмысқа тағы екі жүргізушіні қабылдаймыз. Бұл — жүргізушілердің ау-ысым аралық демалуына мүмкіндік туғызады, — деді « Екібастұзкоммунсервис» ЖШС-нің қаржы директоры Жанат Тілеуберлина.
Кәсіпорын жүмыскерлерінің еңбекақысы көбейеді деген сөзді құп көрген халық қалаулылары: «Оған қалай көз жеткізуге бо-лады?», — деп сұрап еді, «Екібастүзкоммунсервис» ЖШС өкілі: «Тамыз айында бұл жөнінде есеп бере аламыз», — деп нық айтты.
Тұрмыстық қоқысты шығарушы кәсіпорын тарифтер өскен жағдайда жыл сайын 1 арнайы техника сатып алуға міндеттенгенін айттық. Кәсіпорын өкілінің айтуынша, биыл бірден 2 арнайы қоқыс көлігін сатып алуға ресейлік зауытпен келісім жасалыпты. «ЕУРО-5» стандартына сай жаңа көліктер жыл соңына дейін қалаға келуі тиіс. Ап жақын арада кәсіпорынға жаңа су шашатын көлік келеді екен.
Депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып болған соң, кеңейтілген мәжіліс жұмысына қатысқан қала әкімі Аян Бейсекин сөз алды.
— Тарифтерді көтеруді тұтынушылар жақтыра қоймайды. Алайда, сол тарифтерді тежей берудің зардабы да болады. Оған өткен қыста көзіміз жетті емес пе? «Екібастұз коммунсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымы атқарушы билікке хат жазып, онда тариф-терді өсірудің кәсіпорында қалыптасқан хал-ахуалды жақсартуға септігі тиетінін баяндапты. Біз үшін қаланың таза болғаны керек. Егер тұрмыстық қоқыс уақытылы полигонға шығарылмаса, оның қандай зардабы болатынын жұрт айтпаса де біледі. Сол себепті көтерілген мәселені құптауды жөн көрдік. Ал «Екібастұзкоммунсервис» кәсіпорны өзіне алған міндеттемелерді мүлтіксіз орындауы тиіс. Атқарушы билік мұны бақылауында ұстайтын болады, — деді қала басшысы Аян Уахитұлы.
Қала әкімінің сөзінен кейін қаралған мәселе дауысқа салынды. Кеңейтілген отырысқа қатысқан депутаттар жақтап дауыс берді. Тек депутат Арман Баймағанбетов қалыс қалды.
Осылайша, тұрмыстық қоқыс тарифтері көтерілетін болды. Мұның күтілген нәтижені беретін-бермейтінін уақыт көрсетеді.