Мен, Нияз Құдайбергенұлы Макраев,1966 жылы 13 маусымда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Төртқұдық кентінде дүниеге келдім. Білімім жоғары (1998 жылы академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірдім.
2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павло-дар мемлекеттік университетінде «Экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым). Қалалық мәслихаттың жетінші шақырылым депутаты болып сайландым.
«Шахтер даңқы» белгісінің толық иегерімін. Отбасылымын, екі балам бар.
Еңбек жолымды 1985 жылы «Восточный» кенішінде экскаватор машинисінің көмекшісінен бастап, «Майкубен-Вест» кенішінде директордың өндіріс жөніндегі орынбасарына дейінгі жолдан өттім. 2004 жылы республикалық Жер ғылыми-өндірістік орталығы жүйесіне Екібастұз филиалының директоры қызметіне ауыстым. 2011 жылы «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы және Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істедім. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Nur-Otan» партиясының Екібастұз қалалық филиалына төрағаның бірінші орынбасары қызметіне шақырылдым. 2022 жылдың наурыз айынан бастап «Amanat» партиясы қайта құрылуына байланысты Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқардым.
Құрметті сайлаушылар!
Жаңа Қазақстанның тұжырымдамасын қарастыра отырып, біз үлкен елеулі өзгерістер дәуіріне қадам бастық. Реформалардың негізі халық пен мемлекеттің қажеттілігі екенін түсінеміз. Бұл — өте маңызды ұстаным.
Өкінішке орай, мәселелер әлі де көп және сіздердің әрқайсыларыңыз мұны бастан өткерген боларсыздар.
Әрбір екібастұздық қаламызда жылдар бойы жиналған, әлі де шешімін таппаған қаншама мәселелердің барын біледі. Тіпті біздің және балаларымыздың денсаулығына кері әсер ететін экологиялық ахуалды алайық. Абаттандыру, жол және тұрғын үй құрылысындағы күрделі мәселелер. Міне, бірнеше ай қатарынан жылу энергетика секторындағы жағдайға байланысты жылуға жарымай отырмыз.
Бәрімізде де «біз бұған қалай жеттік?» деген орынды сұрақ туындайды.
Жауапсыздық пен салғырттық салдарынан туындаған барлық фактілерге қатысты, әдеттегідей, көптеген себептер мен сылтаулар табылуда. Тиісті адамдардың ақталғаны емес, жүктелген лауазымдық міндеттерін сапалы орындағаны дұрыс болар еді.
Бұл жерде, сіз бен біз болып қойылған міндеттердің орындалуына халықтық бақылауды енгізуіміз қажет деп ойлаймын. Осы шаруаны бірігіп қолға алайық.
Егер сіздер менің кандидатурамды қолдайтын болсаңыздар, сіздердің мүдделеріңізді қамтамасыз ететін негізгі мәселелерді шешу үшін атсалысатын боламын.
Мақсатқа жетіп, оң нәтиже алу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап, кез келген қиындыққа төзуге дайынмын.
Құрметті сайлаушылар!
Сіздердің ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңізді қабылдау үшін арнайы Қоғамдық қабылдау бөлмесін аштым. Ол Мәшһүр Жүсіп көшесі, 153 «А», «Сәтті» дүкенінің 2-қабатында орналасқан.