Таяуда Тұңеыш Президент Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылған IV республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Іс-шара жыя сайын Қазақстанның дамуына үлес қосып келе жатқан жүздеген меценат пен жанашыр адамдарды анықтайды. Биыл байқау 6 номинация бойынша өтті. Халықтың салт-дәстүрі шеңберінде қайырымдылық жасағандар - «Асар», өз қаражатына көмек көрсеткен жөкө жәнө заңды тұлғалар - «Мейірім жолында», ерлік пен қайсарлық танытқандар -«Батыл жүрек», әлеуметтік мәселелерді белсенді жариялаған журналистер мен шығармашылық ұжым - «Қайырымдылық тарихы», балалар мен жасөспірімдер -«Бала жүрегі», жануарларды қорғайтын, оларды асырауға көмектесетін жандар «Жануарға мейірім» атты аталымдарда марапатқа ие болды.
«Мейірім жолында» аталымы бойынша екібастұздық Евгений Шарифуллин жеңімпаз атанды. Ол - полиция қызметкерлерімен бірге хабарошарсыз кеткендерді іздеуге атсалысып жүрген белсенді ерікті. Оның қамқорлығында 20 отбасы бар екен. Евгений оларға азық-түлік, киімкешекпен көмектесіп тұрады.
- Мен «Богатырь Көмір» кәсіпорнында жұмыс істеймін. Бос уақытымды қайырымдылыққа арнаймын. Шынымды айтсам, мен бұрын ерікті боламын деп ешқашан ойламаппын. Мұның бәрі пандемия кезінде, карантинге ұшыраған адамдарға еріктілердің көмегі қажет болған кезде басталды, - дейді Евгений Шарифуллин.
«Қайырымдылық тарихы» номинациясында алғыс хатпен «Отарқа» газетінің шығармашылық ұжымы және Екібастұз қалалық телеарнасының тілшісі Динара Базарбекова марапатталды.
- Күнделікті жұмысымда көмекке зәру жандар кездесіп жатады. Жыл бойы жасаған сюжеттерім де осы тақырыпқа байланысты. Барлығын жинап, ұйымдастырушыларға жібердім. Нәтижесі осындай, қуаныштымын! Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы, мейірімді жүрек, таза ниет, -дейді Динара Шиятқызы.
Сондай-ақ, басқа да аталымдарда марапат алғандардың қатарында «Екібастұз» іздеу-гуманитарлық жасағының белсендісі Самал Дүйсенбаева, «МАЭС-2» кәсіпорны, үш жасөспірімді судан құтқарған екібастұздық Денис Леонтьев, пәтерден өрт шыққанда төрт ересек пен жеті баланы шығаруға көмектескен полиция майоры Жәнібек Қасымов, жас блогер, тырнақ әрлеу шебері Арулат Мұхамедқали бар.