Екібастұз қаласының 64-ші туған күнінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде салынған көпқабатты үй тұсаукесері өтіп, оған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысты.
Жаңа пәтерлерді көпбалалы отбасылар, жетім балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және тұрғын үй кезегінде тұрған Екібастұздың басқа да тұрғындары - барлығы 72 отбасы иеленді.
Айта кетерлігі, «Гидропром» ЖШС (директоры - Исламбек Құлтұманов) салған тұрғын үй кешенінің әрқайсысында 72 пәтерлі 6 үй бар (барлығы - 432 пәтер).
Қазіргі уақытта жалпы 4 үй пайдалануға берілуде.