Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев мемлекеттік қызмет ардагері Бейсенбек Әбеновті «Қала алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Бейсенбек Төлеуліұлы 1941 жылдың 25 қаңтарында дүниеге келді. Агроном мамандығын игерген соң, 1965 жылы Құдайкөл ауылында аға агроном болып еңбек жолын бастады. Кейіннен осы ауылда партия комитетінің хатшысы болды. 1972-1974 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Жоғарғы партия мектебінде оқыды.
Әр жылдары Екібастұз аудандық партия комитеті үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Екібастұз аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Екібастұз сақтандыру компаниясының директоры қызметтерін атқарды.
«Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары және Құрмет грамоталарымен марапатталған.