Әкімшілік-аумақтық бірлік:
Сарықамыс ауылдық округінің құрамына Сарықамыс және Қуандық ауылдары кіреді. Округтің жалпы жер көлемі - 45,10 шаршы шақырым. Тұрғындар саны 450 адамды құрап отыр, тұрғындардың өскені байқалады. Барлық 98 аулада, оның ішінде Сарықамыста 8о аула, 357 адам, Қуандықта 18 аула, 93 адам тұрады.
Бюджеттің орындалуы:
2019 жылы бюджет қаражатынан бөлінген жалпы сома - 17 601 мың теңге, оның ішінде:
- 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 12 686 мың теңге;
- 005 «Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін тасымалдау және кері алып келуді ұйымдастыру» - 983 мың теңге;
- 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» - 1 121 мың теңге;
- 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» - 417 мың теңге;
- 014 «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» - 1 953 мың теңге;
- 040 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 441 мың теңге көлемінде бекітілген қаржы тиісті мақсатына сай уақытында игерілді.
Жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол бақылау шотына 1 679 774,1 теңге көлемінде түскен қаражат келесі бағыттарда жұмсалды: Сарықамыс ауылына ауылішілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2 бейне-бақылау камерасы - 260 мың теңгеге, Қуандық ауылына стела 265 мың теңгеге орнатылды, банерлер 92 мың теңгеге алынды, шыршалар мен гүлзарлар 145 мың теңгеге отырғызылды, сырлау материалдарын алуға - 73 мың, жерге орналастыру жобасының қызметтерін жасауға - 60 мың, Сарықамыс ауылының үйіндісіне тұрақты жер пайдалану актісін дайындауға - 12 мың, кіреберіс жолдың техникалық паспортын дайындауға 35 мың теңге. Қазіргі уақытта қалдық 738 мың теңгені құрайды.
Ауыл шаруашылығы:
Сарықамыс ауылдық округі 2020 жылдың 1 қаңтарына 1895 бас ірі қара мал, оның ішінде 1013 сауын сиыр, 1399 бас қой мен ешкі, 317 бас жылқы, 1250 үй құстарымен қыстаққа кірді. Малдың барлық түрінен өсу байқалады. Ауылдық округте 1 АШ кооперативі, 10 фермерлік шаруа қожалығы, 20 жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Биыл 1 шаруа қожалығы және 14 жеке кәсіпкерлік ашылды. Ірі қара мал тұқымының сапасын жақсарту бағдарламасына қатысатын шаруа қожалықтары: «Қуандық» - 3 бас, «Сар-жайлау» - 2 бас, «Бұлғын» - 2 бас, «Асмар-Сар» - 1 бас, «Даму» - 1 бас, «Өрлеу» 1 бас бұқа алып, субсидияға қол жеткізді. Қыстаққа 6000 тонна мал азығы дайындалды.
Шағын бизнестің дамуы:
«Өнімді жұмыспен қамтуды және жап-пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде АШ қаржылай қолдау қорынан 5 адам, несие серіктестігінен 1 адам шағын несиеге қол жеткізді. Оның ішінде Маратбек Хуанхан 2,5 млн. теңгеге - 10 бас, Мұратбек Хуанхан 2,5 млн теңгеге - 10 бас, Аймырза Тілеубек
2.5 млн теңгеге - 10 бас, Хонай Кандек
3.5 млн теңгеге - 14 бас, Меруерт Рымжанова 3,5 млн теңгеге 14 бас ірі қара мал сатып алды. Жалпы сома - 19,5 млн. теңге. «Бизнес бастау», 29 жасқа дейінгі жастарға арналған «Жас кәсіпкер» бағдарламалары аясында 19 адам 100 АЕК және 200 АЕК мөлшеріндегі грантқа қол жеткізіп, өз істерін ашты.
Ауылда 2 шағын азық-түлік дүкені халыққа қызмет көрсетіп, күнделікті азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік мәселелер:
Еңбекке жарамдылар саны - 210, тұрақты жұмыс істейтіндер - 185, жеке отбасылық мал шаруашылығында жұмыспен айналысатындар - 25,
зейнеткерлер - 34, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар - 14, мектеп жасына дейінгі балалар - 44, оқушылар 76 адамды құрайды. Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар есебінен 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 2 адам жастар тәжірибесі аясында әкімшілікте тәжірибеден өтіп жүр.
Білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау:
Сарықамыс орта мектебінде 76 оқушы білім алуда, 22 мұғалім жұмыс істейді. Жаңадан 4 маман: биология, математика, информатика және бастауыш сынып мұғалімдері қосылды. Қуандық ауылынан 9 оқушы автобуспен тасымалданып оқиды. Орта мектеп жанындағы шағын орталықта 14 бала тәрбиеленіп, онда 3 тәрбиеші жұмыс істейді. Ауылдық клубта әзірленген жоспарларға сәйкес іс-шаралар уақытында жүргізіледі. Шағын футбол алаңы, хоккей корты, көкпар алаңдары және шағын ойын алаңдары бар. Денсаулық сақтау жұмысын медициналық пункт жүргізеді, 2 медицина қызметкері жұмыс істейді.
Абаттандыру:
Сенбіліктер кезінде 100 тонна қоқыс шығарылды, 110 түп жас көшет және Жеңіс саябағына Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлерінің балалары мен немерелерінің бастамасымен 6 шыр-ша, мектеп ауласына және ауыл клубына 4 шырша отырғызылды. Қуандық ауылына стела, аялдама ор-натылды. Сарықамыс ауылына ауыл-ішілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша 2 бейнебақылау камерасы орнатылды.
Сумен жабдықтау:
Сарықамыс ауылында КМБ су босату қондырғысы жұмыс істеп тұр. Қуандық ауылына Шиқылдақ ауылынан босаған ауыз су босату КБМ қондырғысы әкелініп орнатылып, желтоқсан айынан бастап жұмыс істеп тұр.
Мемлекеттік қызмет:
«Сарықамыс ауылдық округі әкімі аппараты» ММ 14 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 9-ы - шалғай елді мекендерден оқушыларды мектепке дейін және кері, үйіне дейін тегін тасымалдау қызметі бойынша, 5-уі - мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою. 1 -жер учаскелеріне құқықтар алу, сауда саттықты талап етпейтін.
2019 жылға қойылған мақсаттар мен міндеттер:
- Сарықамыс ауылына мемлекеттік бюджет қаржысына орталықтандырыл-ған су құбыры жүйесін салу;
- футбол алаңы аумағына 300 метр асфальтталған жүгіру жолағын салу;
- 10 шырша отырғызу;
- Сарықамыс ауылына стела орнату.