Ана тiлi
«Ана тілі» - баспа. 1990 ж. 5 маусымда ұйымдастырылды. Баспа еліміздің байырғы баспаларының бірі, мектеп оқулықтарын шығаратын «Мектеп» ( қазіргі «Рауан») баспасының құрамындағы үш редакция негізінде отау тікті. 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап өнім шығаруға кірісті. Жаңа баспаның беташар кітабы Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегі болды. Кезінде әдебиетке берілген теріс бағалардың «салқыны» тиіп, қаламгердің көп томдығынада біраз жері күзеліп енгізілген бұл еңбек қоғамымыздағы оң өзгерістерге орай алғашқы толық нұсқасы бойынша шықты. Баспа Абай мен Әуезов тақырыбына арналған өдебиеттерді үзбей шығарып келеді. Мысалы, 3. Ахметовтің «Абайдың ақындық әлемі», М. Мырзахметовтің «Абайтану тарихы», М. Әуезовтің «Путь Абая» ( орыс тілінде) эпопеясы, ғалым Т. Әкімовтің «Даналық мәйегі», ғалым-журналист Б. Жақыптың «Мүхтар Әуезов - публицист» кітаптары жарық көрді.
Назад в раздел