Иркитханқызы Хуат
Иркитханқызы Хуат
Иркитханқызы Хуат 1976 жылы 23-ші қазанда Монголия, Кобда аймағының Қобда сұмын өлкесі Баянбұлақ деген жерде дүниеге келген. Осы өңірден толық орта білім игерген. Жастық шағы біліммен қатар, домбырада өнер көрсетуден басталған. Алғашкы туындысы “Туған жер” өлеңі Баян-Өлгий аймағының “Жаңа өмір" газетіне 1990 жылдары жарияланған. И.Хуат 1990 жылы атажұрт Қазак елі Қарағанды өңіріне қоныс аударып сонда білімін шындап, қызметтеп келеді. Қазір Павлодар облысы Екібастұз қаласында өмір кешуде. Таңжарық зертгеу қоры қоғамының, Авторлар қоғамының, Халықаралық жазушылар одағы және Түркі әлем жазушылар одағының мүшесі. Қазақ елінде шыққан «Тұран үні», «Ғасыр жыры» атты өлең жыйнақтарда шығармалары жарияланған және «Таңжарық» журналымен «Қазақ үні» газетінде көптеген туындылары жарық көрген. Бірнеше жазба ақыңдар мүшайрасының жеңімпазы. Түркі Әллемі Жазушылар Одағының «Тұран тұлпары» медалінің, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінің, Халықаралық Жазушылыр төс белгісі, Авторлар коғамыньщ және “Таңжарық” әдеби сыйлығының медальдарымен марапатталған.
Дата рождения:
23.10.1976
Бұл автордың кiтаптары
Бұл автордың мультимедиа материалдары