Ақкөл ауылдық кітапханасының қызметкері Наурыз мейрамына орай кеш өткізді.
Кеш мерекеге тән ақжарма тілектер мен жүрекжарды құттықтау сөздерімен басталды. Одан әрі Наурыз мейрамының мәні мен маңызы түсіндіріліп, оның қазақ халқы үшін береке, бірлік пен жаңарудың белгісі екені айтылды.
Шара барысында Қыдыр ата кейпіне енген қатысушы ақ батасын беріп, шараның шырайын келтірді. Бұл көрініс көрермендерге ерекше бір әсер сыйлап, мерекелік кештің маңызын арттыра түсті. Сонымен қатар қазақтың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан асыл мұралары - шашу, тұсау кесу, бата беру рәсімдері көрсетілді. Сондай-ақ оқушылар ұлттық киім киіп, түрлі көріністер қойып, әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, күмбірлеген күймен көпшіліктің көңілін көтерді.
Кеш соңында «Арқан тарту», «Асық ату», «Қол күрес» сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, шара қызықты әрі әсерлі өтті.