«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Марғұлан ауылының кітапхана қызметкері Наурыз мейрамына арналған мерекелік кеш өткізді.
Шара шымылдығы кітапхана меңгерушісінің құттықтау сөзімен ашылды. Одан әрі кітапханашы Наурыз мерекесінің шығу тарихы мен халқымыздың салт-дәстүрімен таныстырды. Сондай-ақ, мереке барысында қатысушылар ән мен биден шашу шашып, ізгі тілектерін білдірді.
Шара соңында тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге библиографиялық шолу жасады.