Наурыз мейрамы қарсаңында №4 қалалық кітапхана қызметкерлері «Еліме қуат бер, халқыма шуақ бер, әз Наурыз!» атты этнографиялық мереке шарасын өткізді.
Шара барысында егемен еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін білу қажеттігі жөнінде айтылып, салт-дәстүр, көнеден келе жатқан ұлттық ойындардың тарихы, мәні мен мағынасы туралы ақпарат берілді. Одан әрі «Шашу» салт-дәстүрі көрсетіліп, «Қара жорға» биін билеп, «Қол күрес» ойыны ұйымдастырылды. Шара соңында қазақ халқының бай салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық тағамдары, сондай-ақ Наурыз мейрамының тарихы мен мән-маңызы туралы сыр шертетін кітаптармен таныстырылды.