«Туған өлкенің мұрасы» жобасы аясында орталық қалалық кітапхана төрінде «Әдебиет әлеміндегі әйел жүрегі» атты кездесу болып өтті. Кездесудің құрметті қонағы – «Отарқа» газетінің тілшісі, ақын, Журналисттер Одағының мүшесі Гүлсана Медеубай.
Қалам
мен сезімді қатар өрген ақынның шығармашылығы, өмір жолы мен журналистикадағы
ізденістері кешке жиылған қауымға ерекше әсер сыйлады. Кітапхана төріндегі бұл
жүздесу сырлы сұхбатқа, жүректен шыққан жырларға және әдебиет жайлы терең
ойларға толы болды.