2026 жылы орталық қалалық кітапханада егде жастағы адамдарға арналған «Нет одиночеству! Время - общению» атты жаңа игі жоба іске қосылды. Осы жоба негізінде «Нескучные встречи» қызығушылық клубы құрылды.
Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері ардагерлер кеңесінің ордасында клуб мүшелерімен алғашқы кездесу өткізді.
Кездесу барысында кітапханашы іске қосылған жаңа жоба жайлы баяндап, клубтың жылдық жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар клубтың төрағасы мен хатшысы сайланды. Қатысушылар клуб аясында демалысты қызықты да мәнді ұйымдастыруға (Халықаралық әйелдер күнін, Жеңіс күнін және басқа да мерекелерді атап өту) қатысты өз ұсыныстарын білдірді.