Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында ұлттың ұлы ағартушысы, дара дарын Ы.Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Өнер - білім бар жұрттар» атты поэзиялық кеш өтті.
Кеш төрінде ұлы ұстаздың өнегелі өмірі мен өшпес мұрасы дәріптеліп, даналыққа толы «Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар», «Әй, достарым», «Өзен» жырлары оқылды.