«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Энергетиктер күніне орай Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері №16 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Энергия – өмір көзі» атты кеш ұйымдастырды.
Бұл шараға 2-МАЭС энергетика саласының ардагері Г.Михнова арнайы шақырылды.
Кітапхана қызметкерлері қатысушыларды мерекемен құттықтап, Энергетика күнінің маңызы туралы айтып өтті. Одан әрі энергетика саласының ардагері Г.Михнова мамандықтың маңызы мен еңбек жолындағы қызықты сәттері жайлы әңгімеледі. Оқушылар қонақты қызығушылықпен тыңдап, көкейіндегі сұрақтарын қойды. Іс-шара тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмеге шолу жасаумен аяқталды.