Дүниежүзілік балалар күніне орай ОҚК «Ты свидетель или жертва детской травли» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған ИНЕУ Екібастұз Жоғары колледжінің 1-курс студенттері шақырылды.
Кездесу барысында қалалық ПБ-ның отбасылық және тұрмыстық зорлықпен күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Б.К. Сейткалиева акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, қатысушыларды кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамаға енгізілген жаңа үш баппен таныстырды. №23 ЖОМ педагог-психологы С.К. Смольянина жасөспірімдер арасындағы зомбылық мәселесін кеңінен талқылап, оның пайда болу себептерін, тану әдістерін, көрініс формаларын түсіндірді және осы теріс құбылыспен күресудің негізгі тәсілдерін атады. Қалалық ПБ-ның кәмелетке толмағандар ісі бойынша полиция инспекторы, полиция капитаны С.Б. Бекенова «құрбан», «агрессор» және «куәгер» рөлдерін түсіндіріп, даулы жағдайда қатысушылардың дұрыс әрекет ету маңыздылығын және қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету жолдарын атап өтті. Барлық қатысушыларға ұсыныстар мен іс-қимыл алгоритмдері жайлы баяндалған «Ты свидетель или жертва детской травли» атты жадынама таратылды.
Кездесу соңында қонақтардың назарын балалар қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықты алдын алу мәселелеріне арналған кітап көрмеге аударылды.