№3 кітапхана – коммуникациялар орталығының қызметкерлері Республика күніне орай «Тарихы терең халықпыз» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өткізді.
Шара барысында қазақ халқының бай тарихы мен ел тәуелсіздігінің маңызын, сондай-ақ ұлттық сана мен патриоттық рухты дәріптейтін ақпаратпен танысып, Егемендік туралы Декларацияның қабылдануына және оның тарихи маңызына тоқталды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмеге шолу жасалды.
Шара соңында қатысушылар Қазақстанның тарихына қатысты сұрақ-жауап ойынына қатысып, өз білімдерін сынады.