Жұмысшы мамандықтар жылына орай Құлакөл ауылдық кітапханасында «Хозяева железных дорог» атауымен маман күні болып өтті. Шараға теміржолшылар әулеті - Лобановтар мен Амеркановтар отбасы арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Кездесу барысында Лобанов Павел Александрович станция кезекшісі мамандығының қыр-сыры туралы әңгімелеп, теміржол саласына қалай келгенін және бұл мамандықтың оның әулетінде қалай жалғасып келе жатқанын тебірене жеткізді. Ол өз сөзінде теміржолшы еңбегінің жауапкершілігі мен дәлдігін ерекше атап өтті. Одан кейін сөз тізгінін Амерканов Казбек Мунталапович алып, өзінің кәсіби жолы мен таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігі жайында баяндады. Ол теміржолшы ретінде жинаған мол тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпақты еңбексүйгіштік пен адалдыққа үндеді. Іс-шара жылы әрі шырайлы атмосферада өтіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.
Кітапхана ұжымы Лобановтар мен Амеркановтар отбасына алғыс білдіріп, олардың еңбегін жас буынға үлгі етті.