Биыл қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толды. Осы маңызды мерейтой аясында №5 ЖОМ қабырғасында орталық қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мен қазақпын» атты әдеби қонақжай шарасы болып өтті.
Іс-шара барысында ақынның шығармашылығы мен өмір жолы кеңінен таныстырылып, оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, шығармашылығы жайлы ойларымен бөлісті. Шара соңында «Қазақ деп соғады жүрек» атты кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.