Қарттар күніне орай №3 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері «Қарттарымызды қадірлейік» атты мерекелік кездесу өткізді.
Шара шымылдығы кітапхана меңгерушісінің құттықтау сөзімен ашылды. Қарт оқырмандар өздерінің саналы ғұмырын арнаған еңбек жолындағы бастан кешкен қызықты сәттерімен, естеліктерімен бөлісіп, кештің мазмұнын одан әрі байыта түсті. Исин Белгібай ата аңшылық өнердің қыр-сыры жайлы қызықты естеліктерімен бөліссе, Жақанай Кәрібаев ата өмір бойы мал шаруашылығында еңбек етіп, бастан кешкен оқиғаларын тебірене еске алды.
Сондай-ақ, арнайы шақырылған қонақтар Гаухар Кәрімова мен Айгүл Жыңғылбаева асыл қазыналы қарттарға өлең жолдарын арнап, меймандардың көңілін көтеріп, мерекелік көңіл күйді одан әрі жандандыра түсті.
Қарт оқырмандар көрсетілген құрмет пен ілтипатқа риза болып, ізгі ниетке толы кештің көңілдерінен шыққанын айтып, кітапханашыларға шын жүректен алғыстарын жаудырды.