Бүгін Қарттар күніне орай орталық қалалық кітапханада жүрекке жылу сыйлайтын жүздесу болып өтті.
Бұл басқосуға кітапхана саласының ардагерлері жиналып, ұзақ жылдар бойы руханият пен білімнің қара шаңырағында аянбай еңбек еткен күндерін еске алып, кітапхана саласының өткені мен бүгіні жайында тебірене әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, ардагерлер кейінгі буын өкілдеріне жүрекжарды тілектерін білдіріп, шексіз алғыстарын жеткізді.