«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Еңбек күніне арналған Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында №28 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Еңбек етсең ерінбей» тақырыбында кездесу болып өтті.
Бұл кештің шырайын келтірген жылы жүздесуге өз ісінің шебері, 2-МАЭС білікті инженері Самал Мухамеджанова арнайы шақырылды. Кітапханашы балаларға еңбектің адам өміріндегі маңызы жайлы мағлұмат берсе, шақырылған қонақ мамандық таңдау жайлы, жұмыс кезіндегі қызықты сәттерімен бөлісті. Оқушылар қонақты қызығушылықпен тыңдап, көкейіндегі сұрақтарын қойды.
Бұл басқосу оқушыларға еңбектің маңызын ұғындырып, саналы түрде мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді.