Конституция күніне орай №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында «Азат елдің Ата Заңы» атты ақпараттық-құқықтық сағат болып өтті.
Бұл шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен «Бірлік» клубының мүшелері қатысты.
Іс-шара Мемлекеттік әнұранмен ашылып, қатысушылар Ата Заңның мазмұны, баптары және тарихи қалыптасу кезеңдері жайлы жан-жақты мәлімет алды. Конституцияның даму жолдарын сипаттайтын слайд көрсетіліп, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Г.В. Михнова өзі жазған «Прости меня, Казахстан!» атты өлеңін оқып, шараға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар «Бірлік» клубының мүшелері К.Едирисова, К.Садыкова және Г.Ахмедова Конституцияға қатысты танымдық ақпараттармен бөлісті.
Шара соңында кітапханашы тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.