Ақкөл ауылдық кітапханасының қызметкері Спорт күніне орай библиостарт шарасын ұйымдастырды.
Шара барысында кітапханашы спорттың денсаулыққа пайдасы, оның өмір сапасын жақсартудағы рөлі туралы айтып, осы тақырыптағы кітаптармен таныстырды. Балалар мен жасөспірімдер түрлі ойындар мен жарыстарға қатысып, өздерінің шапшаңдығын, тапқырлығын және бір-біріне деген қолдауын көрсетті.